Былтыр елімізде 450 кәсіпорын халал куәлігін алды

285

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.  

Былтыр елімізде 450 кәсіпорын халал куәлігін алды Фото: muftyat.kz

Қазақстанда халал кәсіпорындар саны едәуір көбейіп, қазіргі таңда республика бойынша 2234 кәсіпорын халал өнім өндірумен айналысады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дерегінше, олар дайындаған өнімдер елде ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай және Иран елдерінде сатылып жүр. Былтыр 10 мың тоннаға жуық халал өнім экспортталған.

"QMDB HALAL" сертификатын діни басқарманың Халал Даму мекемесі береді. Мүфтияттың негізгі бағыттарының бірі – халал саласын дамыту.

"Халал жүйесі шариғат талаптарына сай отандық кәсіпкерлікті қолдап, ұлттық экономиканы нығайтудың маңызды тетігі", – делінген діни басқарма таратқан хабарламада. 

Қазақстандағы халал кәсіпорындар сүт, ет, кондитерлік өнімдер, шұжық, жартылай фабрикаттар, сусындар және фаст-фуд өнімдерін шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу