Былтыр елімізде 5,2 млн тонна дизель отыны өндірілді

497

Оған қарамастан республиканың бірқатар аймағында дизель тапшылығы туындады. 

Былтыр елімізде 5,2 млн тонна дизель отыны өндірілді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрінің м.а. Болат Ақшолақов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Соңғы 5 жылда елімізде бензин шығару көлемі 70%-ға, дизель отынын шығару 30%-ға өсті. Өткен жылы дизель отынын шығару бойынша рекордтық көрсеткішке (5,2 млн тонна) жетсек те, қазіргі жағдайда еліміздің бірқатар өңірлерінде дизель тапшылығы бар. 350 мың тонна көлеміндегі дефицитті (қысқы дизель отынын қоспағанда) қымбат бағадағы импорттық отынмен жабуға мәжбүр болдық", - деді ведомство басшысының м.а.

Болат Ақшолақовтың сөзінше, экономикаға маңызды өнеркәсіп секторы – тау-кен метталлургия кешені және темір жол салаларының тұтыну көлемі сол қалпында қалған. 

"Нарықтағы дизельге сұраныстың тұрақты өсу себебінің негізгі факторы транзиттік көлік ағыны, бұдан басқа елімізден шетелге сұр схема бойынша алып кетіп жатқан экспорт. Өткен жылы мамандардың есептеуінше шетелдік транзиттік көлік тұтынған дизель көлемі шамамен 150 мың тоннаны құрады, бұдан басқа сұр экспортпен кеткен отынның көлемі шамамен 200 мың тонна", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу