Былтыр елімізде 83 ауыл таратылды

576

Жалпы соңғы 25 жылда 1800 ауыл мүлдем жойылған.    

Былтыр елімізде 83 ауыл таратылды Фото: qyzyljarnews.kz

2025 жылы Қазақстандағы ауылдық елді мекендер саны 83-ке қысқарып, 6,1 мыңды құрады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы әкімшілік-аумақтық бірліктер жөніндегі деректерінде көрсетілген, деп жазады inbusiness.kz сайты naryk.kz порталына сілтеме жасап. 

2025 жылы тараған ауылдардың 80%-ы  Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында болған.

adilet.zan.kz порталындағы құжаттарға сәйкес, осы өңірлерде 68 ауыл таратылып, бір жаңа ауыл – Нұрлы (Ақмола облысының Целиноград ауданында, Астана маңында) құрылған.

Тараған ауылдар ішінде ең көп тұрғыны болған ауыл – Ақмола облысындағы Красносельское ауылы, онда 74 адам болған.

68 ауылдың 62-сінде халық саны 50 адамнан аспаған.

Павлодар облысындағы Малая Парамоновка ауылында мүлде тұрғын тіркелмеген. Ал Солтүстік Қазақстан облысындағы Мирное және Калиновка ауылдарында тиісінше 1 және 2 адам ғана тұрған.

Заңға сәйкес, үш жыл қатарынан тұрғын саны 50 адамға жетпейтін елді мекендер таратылуы тиіс. Әдетте мұндай ауылдар есептен шығарылып, жақын орналасқан ірі елді мекеннің құрамына енгізіледі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқы тек үш өңірде өскен: Алматы облысы, Атырау облысы және Маңғыстау облысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу