Былтыр елімізде долларға сұраныс айтарлықтай төмендеді

783

Статистикалық деректерге сүйенсек қазақстандықтардың басқа шетел валюталарын сатып алу көрсеткіші де төмендеген.  

Былтыр елімізде долларға сұраныс айтарлықтай төмендеді

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында елімізде бұрын сұраныс жоғары болған валюталарды сату көрсеткіші күрт төмендеді. Мәселен, былтыр Қазақстанда 1,7 трлн теңгеге доллар саудаланған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 18,2% төмен. Еуро сату көрсеткіші бірден 42,1% немесе ақшаға шаққанда 203,4 млрд теңгеге, Ресейдің төл валютасын сату 9,5%, немесе 557,1 млрд теңгеге қысқарған.

Өңірлер бойынша, әдеттегідей, доллар Алматыда көбірек сатылған. Шаһарда 565 млрд теңгеге АҚШ валютасы саудаланды. Одан кейінгі орында Шымкент (328,7 млрд теңге) және елорда (107,7 млрд теңге).

Алайда еліміздің 17 өңірінің 4-де аталған көрсеткіштің жоғарылағанын байқауға болады. Олар Түркістан (+69,9%), Жамбыл (+115,8%), Қостанай (+4,8%) облыстары мен Шымкент қаласы (+7,6%).

Ал еуро сату көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда Алматы (74,8 млрд теңге), Нұр-Сұлтан (30,3 млрд теңге) және Шымкент (18,5 млрд теңге) қалалары. 
 Бұл көрсеткіш тек 2 өңірде жоғарылаған. 

Олар Алматы (+55,4%) және Түркістан (+2,2%) облыстары. 

Ал рубльге сұраныс бойынша Шығыс Қазақстан (84,9 млрд теңге), Павлодар (77,3 млрд теңге) және Батыс Қазақстан (58,5 млрд теңге) облыстары алдыңғы қатарда. Сондай-ақ еліміздің 6 өңірінде Ресей валютасына сұраныс артқан. Олардың қатарын Шымкент (2,8 есе), Ақтөбе (+20%), Жамбыл (+18,1%), Батыс Қазақстан  (+13,2%) облыстары бастайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу