Былтыр еліміздегі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының төрттен бірі жабылды

937

Былтыр еліміздегі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының төрттен бірі жабылды

2016 жылдың қорытындысы бойынша, жеңіл өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 пайызға азайды. Бұл туралы Finprom.kz сараптама агенттігі сілтеме жасап 7kun.kz жазады. 

Қиын жағдайға тап болған секторлардың бірі ретінде былғары өнімдерінің кәсіпорындары тіркелген. Онда 2016 жылы өткен жылмен (2015 жылмен) салыстырғанда 13 пайызға аз өнім жасалған. Сондай-ақ, дайын киімдерді шығару көрсеткіші 0,8 пайызға азайды.

Өндіріс көлемі азайғанмен, жеңіл өнеркәсіп аталған сектордағы баға 12 пайызға қымбаттауы есебінен алға жылжыған.

Одан бөлек, өнеркәсіп орындарының саны азайып келеді. 2016 жылы жеңіл өнеркәсіптегі белсенді өндірушілер саны 27 пайызға кеміп, 79-дан 58-ге дейін азайған. Оның ішінде ең көп ойыншысын жоғалтқан сектор ретінде 33 пайыз немесе 12 кәсіпорын жұмысын тоқтатқан тоқыма өндірісі тіркелді. Киім өндіруші кәсіпорындар сегізге азайса, былғары өнімдерін жасайтын алты кәсіпорын ғана қалған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу