Былтыр елордаға 1,1 триллион теңге инвестиция тартылды

769

Білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, логистика және сауда, спорт, тұрғын үй секілді салаларға қатысты 110-нан астам жоба мақұлданды. 

Былтыр елордаға 1,1 триллион теңге инвестиция тартылды

Өткен жылы елордаға 1,1 триллион теңге инвестиция тартылды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Бұл туралы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев мәлімдеді, деп хабарланды әкімдіктің сайтында.

"Карантин кезінде, мысалы, құрылыс жұмыстары тоқтаған жоқ, санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып жүргізілді. 2020 жылы елордада 3,0 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды және пайдалануға берілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Инвестицияларды тарту бойынша өңірлік кеңестерді өткізу онлайн-режимге ауыстырылды. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен 16 отырыс өткізіліп, 110-нан астам жоба мақұлданды. Бұл негізінен білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, логистика және сауда, спорт, тұрғын үй секілді салаларға қатысты. Коронавирустың таралуына байланысты өткен жылдан бастап жеке гигиена және жеке қорғаныс құралдарын шығару бойынша жобаларды іске асыру өзекті болды. Бұл бағытта бірқатар жоба қолдау тапты. Бірқатар кәсіпорын өз қызметтерін медициналық маскалар, қорғаныс костюмдері секілді өнімдерді өндіруге қайта бағыттау туралы бастама көтерді, әр инвестормен тығыз жұмыс істейміз", – деді Ерлан Бекмұрзаев.

Ерлан Бекмұрзаев, сондай-ақ, "Astana Invest" қалалық инвестицияларды дамыту орталығының базасында инвестицияларды тарту бойынша өңірлік фронт-офис жұмыс істеп жатқанын, онда инвесторларды "бір терезе" қағидаты бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінен өту кезінде толық сүйемелдеу жүзеге асырылатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу