Былтыр интернет-алаяқтық қылмыстарының саны 4%-ға төмендеді

609

Бас прокуратура алақтық пен қаржы пирамидаларына қарсы бағытталған іс-қимыл барысы туралы хабарлады.  

Былтыр интернет-алаяқтық қылмыстарының саны 4%-ға төмендеді Фото: tolqyn.kz

Өткен жылы интернет-алаяқтық қылмыстарының саны 4%-ға, интернет желісі арқылы микронесиелер берумен байланысты алаяқтықтардың саны 28%-ға, қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері 27%-ға азайды, деп жазады inbusiness.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы мекеме мүдделі органдармен бірлесіп 2022 жылға арналған алаяқтықтарға (интернет-алаяқтықтарға) және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар кешенін қабылдағанын еске салды.

"Бас прокуратура сұраныстарды санкциялау рәсімін сақтай отырып, банктік шоттар мен ақша қаражаттарының қалдығына сұраныстарды жіберу бөлігінде Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі әмбебап сервисі жобасын іске асырды. Бұл 10 қылмыстық топты ізін суытпай әшкерелеуге мүмкіндік берді. Мысалы, Шымкентте бес адамнан тұратын құқық бұзушылар тобы өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, азаматтарға несие ресімдеп, қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын пайдалана отырып, ақша қаражатын жымқырған", - делінген хабарламада.

Украинаның Ұлттық полициясымен бірлесіп, телефон арқылы алаяқтық жасаған 32 адамнан тұратын Халықаралық қылмыстық топ жойылды.   

Бұдан басқа дивидендтер алу сылтауымен 580 салымшыны заңсыз тарту фактісі бойынша "GAP" компаниясының басшылары қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

"Банктер операциялардың күшейтілген мониторингісіне және күдікті клиенттермен іскерлік қатынастарды тоқтатуға бағдарланған. Осындай  179 адаммен  іскерлік қатынастар орнатудан бас тартылды. Құқық бұзушылықтың осы түрінің профилактикасы үшін БАҚ-та 4 мыңнан астам материал, посттар мен бейнероликтер жарияланды, сондай-ақ халықты СМС-құлақтандыру жүргізілді", - деп хабарлады құзырлы орган.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу