Былтыр ішкі істер органдары 14 мыңнан астам интернет алаяқтық фактісін тіркеді

1200

2 мыңнан астам іс азаматтардың шот деректерін иемденіп, ұялы банкинг арқылы ақша жымқыруға қатысты қозғалған. 

Былтыр ішкі істер органдары 14 мыңнан астам интернет алаяқтық фактісін тіркеді

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн баспасөз мәслихаты барысында еліміздегі жалпы қылмыстар көрсеткішінің 10%-дан астамын алаяқтық құрайтынын мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

 "Интернет технологиялардың дамуымен қатар азаматтарды алдау тәсілдері мен оқиғалары көбейіп келеді. Өткен жылы ішкі істер органдары интернет алаяқтық туралы 14 мыңнан астам істі тіркеді. Оның ішінде істердің 5,5 мыңы жарнама бойынша шын мәнінде жоқ тауар немесе қызмет үшін толық әрі ішінара төлем жасау фактісіне қатысты қозғалды. Бұл жарнамаларды алаяқтар сауда-интернет алаңдарында және сайттарда орналастарған", - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі. 

Сонымен қатар 3 мыңнан аса іс азаматтардың жеке мәліметтерін ұрлауға байланысты қозғалған. Оның ішінде жеке мәліметтерді пайдалану арқылы өзгенің атынан несие рәсімдеу сынды қылмыстар бар. Бұған қоса, 2 мыңнан астам іс азаматтардың шот деректерін иемденіп, ұялы банкинг арқылы ақша жымқыруға қатысты қозғалған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу