Былтыр Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналым 1,2 млрд АҚШ долларын құрады

155

Осы жылдың 7 айында бұл көрсеткіш $723 млн-ға жетті.  

Былтыр Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналым 1,2 млрд АҚШ долларын құрады Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Минскіге ресми сапар барысында өзара сауданы одан әрі ұлғайту және жеткізілетін өнім номенклатурасын кеңейту жайы талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан азық-түлік тауарларын, көлік құралдарын, металдарды, химия және мұнай-химия, сондай-ақ тоқыма өнеркәсібі, машина жасау және теміржол өнімдерін экспорттауда үлкен мүмкіндікке ие.

Қазақ-беларусь әріптестігі аясында $200 млн-нан астам сомаға 13 бірлескен жоба жүзеге асырылды, Қазақстан аумағында "Беларусь" тракторларының, "Гомсельмаш" комбайндарының, автомобиль және басқа да техникалардың өндірісі локализацияланды. Қазақстан жетекші Беларусь кәсіпорындарының өндірістерін жергілікті жерде одан әрі кеңейтуге мүдделі.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастық бөлігінде Қазақстан Беларусь нарығына күнбағыс, мақсары және рапс майларын, сондай-ақ дайын бакалея өнімдерін жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын екенін білдірді.

Көлік-транзиттік ынтымақтастықта оң динамика сақталуда: осы жылдың 7 айында екі ел арасындағы теміржол тасымалының көлемі 18,7%-ға өсіп, 4,8 млн тоннаға жетті. Логистикалық маршруттарды одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар қазақстандық цифрлық шешімдерді экспорттау мәселелері көтерілді. Туристік, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылға да назар аударылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь өңірлері арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға бағытталған құжаттарға қол қойылды.

Олардың қатарында 2027-2029 жылдарға арналған Қостанай және Гродно облыстары арасындағы іс-шаралар жоспары, Павлодар мен Минск, сондай-ақ Павлодар және Гомель облыстары арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Түркістан мен Могилев облыстары арасындағы даму жөніндегі меморандум және іс-шаралар жоспары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу