Былтыр Қазақстан мен Қытайдың сауда көлемі 11,7 млрд АҚШ долларын құраған

3427

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірқатар келісім-шарттарға қол қойылды.

Былтыр Қазақстан мен Қытайдың сауда көлемі 11,7 млрд АҚШ долларын құраған

ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов пен ҚХР коммерция министрі Чжун Шань қос министрлік арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл құжат ішкі және сыртқы сауда, тауарлар мен қызметтер экспорты, кадрлар даярлау және ҚР мен ҚХР іскер топтары арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Қытай Қазақстан үшін дәстүрлі түрде негізгі сыртқы сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Өткен жылы Қытаймен сауда айналымының үлесі Қазақстанның жалпы сауда айналымының 12,3%-ын құрады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 11,4%-ға өсіп, 11,7 млрд.АҚШ долларды құрады.

Ағымдағы жылы біз екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды өсіп келе жатқандығын байқап отырмыз. 2019 жылдың жеті айында тауар айналымы 8 млрд. АҚШ долладыр құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 31,2%-ға жоғары (6,1 млрд. АҚШ долл.).

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және оның жоғары оң динамикасын сақтау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру және іскер топтар арасында тікелей байланыстар орнату туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақстандық тарап өзара саудада Қытайға қазақстандық өнімнің экспортын 60 тауар позияциясы бойынша 1,6 млрд. АҚШ долларға ұлғайту арқылы оң үрдісті нығайтуды ұсынды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу