Былтыр Қазақстанда қанша мұнай өндірілгені белгілі болды

77

2025 жылы Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 99,4 млн тонна болды.   

Былтыр Қазақстанда қанша мұнай өндірілгені белгілі болды Фото: kmg.kz

Бұл туралы "Нефть и газ Казахстана" Телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстанда 2025 жылы мұнай өндірісінің көлемі 100 млн тонна символдық межеге аздап жетпей қалды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 99,4 млн тонна болды. Бұл – 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 113,3%", – деп хабарлады Телеграм арна.

Ресурстың жазуынша, өндірістің артуына Теңіз кен орнын кеңейту жобасының аяқталуы ықпал еткен.

"100 млн тонна көрсеткішіне жетуге ОПЕК+ келісімі аясындағы міндеттемелер, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумы жүйесі арқылы мұнай тасымалдаудағы іркілістер кедергі болды. Бұл іркілістер "Теңіз – Новороссийск" мұнай құбыры инфрақұрылымына жасалған шабуылдармен байланысты. Сондай-ақ, Қарашығанақтан алынатын шикі газды Орынбор газ өңдеу зауытына қабылдауға уақытша шектеулер енгізілуі де әсер етті", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан мұнайының экспорты туралы жазғанбыз. Шамамен 300 мың тонна мұнай көлемі ҚТО жүйесі бойынша экспорттық бағдарлар, соның ішінде Германия, Қытай, Баку-Тбилиси-Жейхан, Новороссийск және Усть-Луга порттары арқылы жеткізу үшін қайта бағытталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу