Былтыр қазақстандық балгерлердің қанша табыс тапқаны белгілі болды

Мұны елдің эзотерикалық қызметтер нарығының бір бөлігі ғана деуге болады.  

Былтыр қазақстандық балгерлердің қанша табыс тапқаны белгілі болды Фото: pixabay

Ресми статистикаға сай, өткен жылы оккульттық практика өкілдері ҚҚС-ны есептемегенде 279,6 млн теңге пайдаға кенелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жаза кеткен жөн, қолжетімді мәліметтер тек заңды тұлғалар мен тиісті қызмет түрлері бар жеке кәсіпкерлер бойынша қалыптасқан. Яғни, ресми түрде тіркелмеген балгерлер мен көріпкелдер бастапқыда ресми статистиканың назарына ілікпейді. 

Расын айтқанда, оккульттық саланың тіркелген қайраткерлері туралы мәліметтер толық емес. ҚР СЖРА ҰСБ көрсетілген қызметтердің көлемі туралы ақпаратты жинау кезінде шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді іріктемелі әдіспен тексеруге мәжбүр. Демек, "заңды" балгерлер мен көріпкелдер өз қызметін дәл осы шағын кәсіпорындар мен ЖК түрінде жүргізеді. Жыл сайын ҚР СЖРА ҰСБ-ға табыстары мүлдем әртүрлі балгерлер мен көріпкелдер есеп береді.

Зерттеуде балгерлердің табысы (бұған астрологтар мен спириттер де кіреді) көріпкелдердің табысынан едәуір асып түскен. Яғни, 222,8 миллион теңге және 56,8 миллион теңге.

Балгерлер мен көріпкелдер барлық соманы (279,6 млн теңге) халықтан алған. Статистикаға сай, ауыл тұрғындарына қарағанда қалалықтар (96%) олардың қызметтеріне жиі жүгінген. 

Өңірлер арасында зерттелген балгерлер Қостанай облысында ең көп табыс тапқан. Бұл өңірден басқа балгерлердің табысы тағы үш өңірде – Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу