Былтыр Қазақстанға 2 мың тоннадан астам иіссу импортталған

811

Сондай-ақ, сәндік косметика мен тері күтіміне арналған  6,2 мың тонна (57,3 млн доллар) тауар сатып алынды.

Былтыр Қазақстанға 2 мың тоннадан астам иіссу импортталған

2018 жылы Қазақстанға 33,5 млн долларға 2,2 мың тонна әтір мен иіссу әкелінді, деп хабарлайды LS.

Былтыр елімізге Франциядан 16,3 млн доллар, Қытайдан 3,5 млн доллар, ал АҚШ-тан 3,1 млн доллар көлемінде парфюмерия өнімдері импортталды.

Сондай-ақ өткен жылы сәндік косметика мен тері күтіміне арналған  6,2 мың тонна (57,3 млн доллар) тауар сатып алынды: Қытайдан – 3,1 мың тонна (11,1 млн доллар), Франциядан – 242,1 тонна (10,6 млн доллар), Польшадан – 1,3 тонна (8,2 млн доллар).

Бір жыл ішінде Қазақстанға импортталған шаш күтіміне арналған заттар мен сусабындар көлемі – 8,9 мың тоннаны, ақшалай 32,5 млн долларды құрады. Аталмыш тауарлардың көп бөлігі Румыния, Ресей және Германиядан тасмалданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу