Былтыр Көлсай мен Шарынға 850 мың турист барған

178

Алматы облысының көрікті жерлеріне баратын туристер саны артқан.

Былтыр Көлсай мен Шарынға 850 мың турист барған Фото: canva

Облыстық туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлының айтуынша, өткен жылы өңірде 520 995 ішкі турист саяхаттаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол "eQonaq" ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес, былтыр облысқа 147 003 шетел азаматы келгенін атап өтті.

"Көрсетілген қызмет көлемі 12,3 млрд теңгеге жетіп, 50 пайызға ұлғайды. Туризмнің өңірлік жалпы өнімдегі үлесі 5,4 пайызға жетіп, 198,5 млрд теңгені көрсетті. Ал ойын-сауық индустриясынан 81,7 млрд теңге кіріс түсті", – деді ол.

Ведомство басшысы 2025 жылы "Іле-Алатауы" ұлттық табиғи паркіне 945 993 адам барғанын айтты. Ал "Көлсай көлдері" ұлттық паркіне 600 026 адам келіп, келушілер саны 51,8 пайызға артқан. "Шарын" шатқалында демалушылар екі есе көбейіп, 249 928 адамға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу