Былтыр Қызылордада VIP санаттағы 674 мемлекеттік нөмір рәсімделген

484

Облыс тұрғындары VIP нөмірлер ішінде 077, 707 және 070 нөмірлеріне көп тапсырыс берген.  

Былтыр Қызылордада VIP санаттағы 674 мемлекеттік нөмір рәсімделген Фото: inbusiness.kz

Өткен жылы Қызылордада автокөліктің VIP санатындағы 674 мемлекеттік нөмір рәсімделіп, қазынаға 179 млн 411 мың теңге табыс түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Облыс тұрғындары VIP нөмірлер ішінде 077, 707 және 070 нөмірлеріне көп тапсырыс берген. Қызылорда облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандандырылған бөлімінде өткен жылы 36 мың 98 көлік құжаттары рәсімделген. Қазіргі таңда азаматтар көлік сатып алу және сату кезінде көбіне банк қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметке тапсырыс береді. Өткен жылы аталған банк қосымшасымен 20 мың 243 көлік құжаттары әзірленген", - деді "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Аида Әбибуллаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу