Былтыр Маңғыстау облысында 23 173 сәби дүниеге келді

938

Маңғыстауда былтыр 50 жастағы әйел дүниеге сәби әкелді. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай жиі кездесе бермейді.

Былтыр Маңғыстау облысында 23 173 сәби дүниеге келді

Маңғыстау – бала туу көрсеткіші артып келе жатқан өңір. Былтырғы (2021) статистикаға сүйенсек, облыста 23 173 сәби дүниеге келген. Ал 2020 жылы туғандар саны 22 мыңға таяу. Пайыздық көрсеткіш 6.3%-ға өскен. 

Былтырғы есепте ұлдардың саны басым. Әлихан, Айсұлтан, Әмір есімдері жиі кездеседі. Ал қыздарға Медина, Айзере және Айлин деген ат көбірек қойылған. Дегенмен ұл мен қыздың санында аса үлкен айырмашылық жоқ (11 841 – ер бала, 11 332 – қыз). 

"Бала туу көрсеткішінде Маңғыстау облысы республикада көш бастап тұр", – деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу