banner

Былтыр мемлекеттік сатып алу көлемі 5,8 трлн теңгені құрады

Сондай-ақ, 2022 жылы мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруге бағытталған заңнама күшейді.  

Былтыр мемлекеттік сатып алу көлемі 5,8 трлн теңгені құрады Фото: egemen.kz

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 100 мыңнан астам өнім беруші және 24 мыңнан астам тапсырыс беруші тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

Өткен жылы мемлекеттік сатып алу көлемі 5,8 трлн теңгені құраған. Оның 80% шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тиеселі.

Сондай-ақ, былтыр мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру шеңберінде бәсекелестікті дамытуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және сатып алу процестерін жеңілдетуге бағытталған бірқатар заңнамалық шаралар қабылданды.

Мәселен, 1 шілдеден бастап ҚМЖ және жобалау бойынша сатып алулар рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын жаңа конкурсты қолдана отырып жүзеге асырылады. Ол тәсілмен жалпы сомасы 166,6 млрд. теңгеге 513 шарт жасалды.

Сонымен қатар электрондық дүкен арқылы сатып алу тәсілі енгізілген. Өткен жылы бұл арқылы 29,9 млрд. теңге сомасына 135,7 мыңнан астам сатып алу жүргізілген.

Өзгерістер қатарында негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі бар. Бұл тәсіл сатып алу процедуралары 2 айдан 1 айға дейін қысқарған. Бір көзден сатып алудың 7 негізі алынып тасталған. Заңға тәуелді актілерден сатып алуға қатысуды қиындататын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар талаптар алынып тасталған.

Ал биыл сапалы тауарларды сатып алу мақсатында өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізілмек.

Аталған шаралар өткен жылмен салыстырғанда бір көзден алу тәсілімен сатып алу үлесін сатып алудың жалпы көлемінің 39%-дан 24%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, ашықтықты күшейту, сатып алуға қатысуға қолжетімділікті кеңейту, бір көзден сатып алуды қысқарту жөнінде тиісті заңнамалық шаралар қабылданды.

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, бұл бағытта заң талаптарын күшейте бермек. Мысалы биыл Президенттің тапсырмасы бойынша "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заң әзірленуде және ол қыркүйек айында Парламентке енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу