Былтыр Павлодарда кәсіпкерлер 1, 5 млрд теңгеден астам несие алған

1192

Былтыр Павлодарда кәсіпкерлер 1, 5 млрд теңгеден астам несие алған

Былтыр Павлодар облыстық Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 487 шаруашылыққа 1 млрд 522 млн. теңге несие берілген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорыныңбасшысы Сайра Ықыласованың сөзінше, кәсікерлерге қаржылай көмек беру биыл да жалғасын табады. Егер, шаруа қожалық иелерінің өтініші барлық талапқа сай болса, "Ынтымақ" несиелік бағдарламасы арқылы бір шаруаға 50 млн. теңгеге дейін несие берілетін болады.

"Біздің басты мақсатымыз – жаңа құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерін және бұрыннан бері жұмыс істеп тұрған жеке шаруа қожалықтарын қаржыландыру. Мәселен, жаңадан құрылған "Ынтымақ" бағдарламасы кәсібін жандандырамын деушілер үшін тиімді. Бір кәсіпкердің өзіне 50 миллион теңге алты пайызбен жеті жылға беріледі. Оған сүт тауарлы фермаларын және мал бордақылау кешендерін ашуға болады. Сонымен қатар, "Береке" және "Ырыс" бағдарламалары арқылы 4 миллионға дейін ақша ала алады. Ал, асыл тұқымды мал өсіру бағытындағы шаруаларға  50 бастан 100 басқа дейін мал сатып алу үшін 85 миллионға дейін теңге беріледі. Біз түскен өтініштер бойынша, қанша шаруа қожалық қанша несие аламын десе де, барлығын қаржыландыруға дайынбыз. Мәселен былтырғы жылы 487 шаруашылыққа 1 млрд. 522 млн.484 мың теңге берілді",  – дейді Сайра Ықыласова.

Қаржылай қолдау қоры басшысының айтуынша, мемлекеттік "Ырыс" бағдарламасы Павлодар облысында 2015 жылдан бастап іске асырылуда. Алғашқы жылы үш шаруашылық қатысса, 2016 жылы бір шаруақожалық қатысып, жеңілдетілген пайызбен несие алған. Айта кету керек, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы Павлодар облысының бизнес бағытына 2005 жылдан бастап әртүрлі деңгейдегі несиелер беріліп келеді. Сол кезде 500-600 мың теңге алған азаматтар қазіргі таңда 60-80 млн. теңге алатын дәрежеге жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу