Былтыр сұраныста болған көліктер көшін Тoyota бастап тұр

827

"Былтыр 12 278 тoyota, 8715 hyundai cатылды", – деді Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілі.

Былтыр сұраныста болған көліктер көшін Тoyota бастап тұр

Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашеваның мәлімдеуінше, 2018 жылы toyota бренді ең көп сатылған көлік ретінде көш бастаса, hyundai екінші орынды иеленген, деп хабарлайды abctv.kz.

"Былтыр 12 278 тoyota, 8715 hyundai cатылды", – деді Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілі.

Анар Мақашеваның дерегінше, еліміздің автопарктерінде 4,2 млн бірлік жеңіл, ауыр автокөлік пен арнайы техника бар.

"2018 жылы Қазақстанда 205, 95 млрд теңгеге 32,3 мың бірлік жеңіл, ауыр автокөлік пен арнайы техника және автобустар мен тіркемелер жасалды. Осы орайда "СарыарқаАвтоӨндіріс" зауыты 12009 бірлік көлік құрастырғанын атап өтуіміз керек",– деді Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу