Былтыр Түлкібас ауданында 250 гектар жерге грек жаңғағы отырғызылды

2327

Еліміздегі жаңғақтардың 85%-ы Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында өсіріледі. 

Былтыр Түлкібас ауданында 250 гектар жерге грек жаңғағы отырғызылды

Соңғы екі жылда Түркістан облысының Түлкібас ауданында жаңғақ шаруашылығын дамыту қолға алынған. Былтырғы жылы таулы аудандардан 627 тонна жаңғақ жиналды, деп хабарлайды abctv.kz. 

Аудандық әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылы ауданда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 250,0 гектар жерге жаңғақ отырғызу тапсырмасы беріліп, 257,5 га отырғызылып, меже 103 пайызға орындалды.   

Жаңғақ өнімін жинауды аудан тұрғындары жеке кәсібі ретінде іске асыруда. Қазір аудан орталығында қабылдау орындары ашылған, ол жерлерде жаңғақтың келісін 400-500 теңгеден сатып алуда.

Кәсіпкерлер жаңғақтың қабығын тазалап, өңдейді. Дайын өнімді облыстың ірі сауда орындары мен кондитерлік цехтарына өткізеді, сондай-ақ басқа өңірлерге келісін 1200-1500 теңгеден сатып жатыр. 

Еліміздегі жаңғақтардың 85%-ы Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында өсіріледі. Осыған байланысты Қазақстан грек жаңғақтарын өсіру мен оны экспорттауды басты бағыт етіп отыр.  Алдағы 2-3 жылда Қазақстандағы жаңғақ бау-бақшасын 5 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр. 

Қазақстан ғалымдарының айтуынша, бұл өңірлерге Франция, Польша, Испаниядан жаңғақ ағашының көшеті әкелінген. Жаңғақ бағының әр гектарынан үш миллион теңгеге дейін пайда көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу