Былтыр Ұлттық ұлан 18 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстады

284

Олардың 700-ден астамы қылмыс белгілері бойынша ішкі істер органдарына жеткізілді.

Былтыр Ұлттық ұлан 18 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстады Фото: gov.kz

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері 2025 жылы 18 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Патрульдік-бекеттік қызмет аясында Ұлттық ұлан бөлімшелері 3 308 міндет орындап, республика аумағында өткен 985 бұқаралық іс-шарада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Өткен жылы 308 суық және атыс қаруы тәркіленіп, есірткі заттарын заңсыз айналымнан алу бойынша 153 дерек тіркелді.

Сонымен қатар Қылмыстық-атқару жүйесінің 39 мекемесі мен бір өндірістік объектіні күзету қамтамасыз етілді. 10 теміржол және 25 автожол бағыты бойынша айдауылдау жұмыстары жүзеге асырылды.

ҚАЖ мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды жеткізудің 132 фактісі анықталып, заңсыз өткізудің түрлі әрекеттерінің жолы кесілді. Бақылау-өткізу пункттері арқылы тыйым салынған заттарды алып өтудің 45 әрекетіне және 25 фактісіне тосқауыл қойылды.

Тыйым салынған заттарды жеткізуге қатысы бар 100-ге жуық азамат ұсталды. Заңсыз айналымнан 1 441 ұялы телефон, 689 SIM-карта, 724 пышақтау-кесу заты және бір суық қару тәркіленді.

Сондай-ақ шамамен 2,7 келі есірткі заты мен 70 литрге жуық алкоголь бар сұйықтықтар алынды. Бұдан бөлек, 423 797 теңге және 300 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражат тәркіленді.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері 75 мыңға жуық сотталған және қамауда отырған адамды тасымалдап, 2 мыңнан астам сот процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ерекше бақылаудағы адамдарды әуе кемелерімен тасымалдау үш рет ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу