Былтыр үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы 111,3 млрд АҚШ долларын құрады

297

Шет елдер арасында Қытай елімен тауар айналымы ең жоғары.

Былтыр үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы 111,3 млрд АҚШ долларын құрады Фото: canva.com

Оның ішінде, экспорт – 67,6 млрд АҚШ доллары, импорт – 43,7 млрд АҚШ доллары, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаевтың мәліметінше, шет елдер арасында Қытай елімен тауар айналымы ең жоғары.

"Екі ел арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 31,5 млрд АҚШ долларын құрады", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, шетелдік рұқсат бланкілерін беруді автоматтандыру бойынша сервис іске қосылған бір жылға жуық уақыт ішінде ҚХР шекарасында 106 мыңнан астам бланкі берілді.

ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында атап өткендей, сервисті пайдалану нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету процесі оңтайландырылды, шетелдік рұқсат бланкілерін бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық факторы жойылды, сондай-ақ нарықтағы отандық тасымалдаушылардың үлесі ұлғайды.

"Шетелдік рұқсат бланкілерін беру бюджетке түсетін 1 АЕК үшін жүзеге асырылады. Сервис іске қосылған сәттен бастап 106 мыңнан астам шетелдік рұқсат бланкілерін берілді. Пилоттық жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, Қытаймен шекарада оны іске асыру мерзімдерін 2025 жылдың 2 тоқсанының соңына дейін ұзарту, сондай-ақ осы жылдың бірінші жартыжылдығында Мемлекеттік шекараның Қазақстан-Өзбекстан учаскесінде осындай пилоттық жобаны іске қосу мәселесі пысықталуда.", - деді спикер.

МКК өкілінің айтуынша, ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсаттар беру тәулік бойы, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жүзеге асырылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу