Былтыр Жамбыл облысында 1 652 кәсіпорын жұмысшылар жалақысын көтерді

528

Былтыр Жамбыл облысында 1652 кәсіпорынның басшысы 47 мыңнан астам жұмысшысының жалақысын көтерген.

Былтыр Жамбыл облысында 1 652 кәсіпорын жұмысшылар жалақысын көтерді Фото: baq.kz

Еңбекақыға қосылған үстеменің пайызға шаққандағы көрсеткіші – орта есеппен 32,9 пайыз. 

Жалпы еңбек даулары көп жағдайда жалақыға байланысты туындайтыны түсінікті. Жыл қорытындысы бойынша статистика жағымды көрінгенімен, былтыр Таразда жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысшылардың бірнеше рет митингке шыққаны аян.

Жамбыл облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақовтың айтуынша, жалақы бойынша қарыз мекемелер былтыр тиісті шаралар қабылданған соң ғана жұмысшылардың еңбекақысын толығымен өтеп берген.

Нақты айтсақ, 3 430 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалған. Қазір өткен жыл бойынша қалған жалақы қарыздары жоқ. 

Еңбек дауларын тудырмау үшін аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінде әлеуметтік-еңбек жағдайларын реттеу жөніндегі дағдарысқа қарсы штабтар құрылған. Еңбек инспекторлары жыл ішінде жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары бойынша 165 тексеріс жүргізіпті.

Тексерулердің қорытындысы бойынша жұмыс берушілерге 84 нұсқама берілген. 26-сы айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу