Былтыр жұмысшыларға жалақы төлемеген 1,2 мың кәсіпорын анықталды

1123

32 мың жұмысшының құқығы қорғалып, олардың алдындағы 3,2 млрд теңге қарыз өтелді.

Былтыр жұмысшыларға жалақы төлемеген 1,2 мың кәсіпорын анықталды

2018 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары (МЕИ) 1,2 мың кәсіпорынның 3,7 млрд теңге сомасындағы қарызын анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 32 мың жұмысшының құқығы қорғалып, олардың алдындағы 3,2 млрд теңге қарыз өтелді, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.  

2019 жылдың 1 қаңтарында  6203 жұмысшының алдындағы жалақы бойынша қарыз 1,97 млрд теңгені құрады. Бұл 139 жұмыс берушінің қарызы. Олардың 77% -ы, яғни 108 кәсіпорын банкротқа ұшыраған  (1,52 млрд теңге).  

Өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы  8,7 мың тексеру жүргізіп, 11,9 мың бұзушылықты анықтады.  Ал  жұмыс берушілерге 5,1 мың ұйғарым беріліп, 402,4 млн теңгеге  2,5  мың айыппұл салынды. 

Құқық қорғау органдарына 1,4 мыңға жуық материал жолданып, осы материалдар бойынша 98 қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу