Былтырғы конкурстардың 72 пайызында бәсекелестік мүлдем болмаған

840

"Талап" қолданбалы зерттеулер институтының директоры Рақым Ошақбаев мемлекеттік сатып алудың көлеңкелі тұстары туралы айтты.

Былтырғы конкурстардың 72 пайызында бәсекелестік мүлдем болмаған

Түркістан полицейлеріне 422 мың теңге тұратын массаж креслосы не үшін қажет болды? Облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды astanatv.kz.

Бұл ішкі істер органы қызметкерлеріне психологиялық көмек көрсетуге қажетті құрылғылардың бірі екен. Былтыр 500-дей полицей психологтың көмегіне зәру болған. Сондықтан талапқа сай сатып алынған. Ал, массаж креслосының өзі конкурста көрсетілгендей 750 мың теңгеге емес, 422 мың теңгеге, яғни, арзанға сатып алыныпты.

"Полиция қызметкерлерінің жұмысы өте қиын. Сол себептен оларға психологиялық көмек беру мақсатында жағдай жасалынып жатыр жан-жақты. Сол үшін психологтар штатын енгізген. Психологтың кабинеттері арнайы жабдықталуы керек. Оның ішінде біраз нәрсе көрсетілген, сонымен қатар массаждық кресло да бар", – дейді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Түркістанда массаж креслосының 422 мың теңгеге сатып алынғанын "Талап" қолданбалы зерттеулер институтының директоры Рақым Ошақбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алу кезіндегі тым жоғары бағалар тендерлік жүйенің негізгі проблемасының бірі. Келісімшарт құнының көтірілуі, жеткізілген тауарлар мен қызметтің сұранысқа сай болмауы да мемлекеттік сатып алудың көлеңкелі тұсының көптігін көрсетеді. Былтырғы конкурстардың 72 пайызында бәсекелестік мүлдем болмаған.  

"Тағы бір мысал – мемлекеттік мекеменің бірі былтыр 29 млн теңгеге тапсырыс жасап, тендер ойнатқан. Сосын ондаған қосымша келісімдер қосып, соманы 5 млрд-қа бір-ақ жеткізген. Бірақ, тауар көлемі баяғыша. Бұл факт туралы құзырлы органдарға хабарладық", – деді Рақым Ошақбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу