Бюджет 25 млрд теңгеден қағылды

667

Жүк тасымалдаушылары қосымша құн салығын төлеуден жалтарып  жүр. 

Бюджет 25 млрд теңгеден қағылды

Былтыр 60 мыңға жуық жүк көлігі Қазақстанға қосымша құн салығын төлемеген. Ал 11 мың транзиттік көлік ел аумағында қалып қойған. Мәжіліс депутаты Павел Казанцев "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымында осылай деді. 

Өзге елден келетін жүк көліктерінің Қазақстанның заңын белден басуының салдарынан бюджет кірістен қағылып жатқанын тілге тиек еткен халық қалаулысы: "Ережеге бағынбай жүрген жүк тасымалдаушылары бар. Олар "Қазақстан арқылы басқа елге тауар апара жатырмыз" дейді де, жүктерін біздің елде қалдырады. Сол секілді жүк тасымалдаушылар Қазақстанның белгілі бір өңіріне "осынша өнім тауар апара жатырмыз" дегенімен, жүк ол өңірге жетпей, басқа аймаққа "сіңіп" кетеді. Осындай қулықпен жүк тасымалдаушылары қосымша құн салығы мен басқа да салықтарды төлемей, көлеңкелі экономикаға қадам жасайды. Былтыр бюджет 25 млрд теңгеден қағылды. Жаңа заң арқылы осы мәселелердің алдын аламыз. Ел  аумағына келген жүк көліктерін тәртіпке бағындырамыз", – деді. 

Қанат Махамбет

Фото: telegrafi.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу