Бюджет 3 млрд теңге салықтан қағылды

522

Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев соңғы 7 айдағы мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы баяндама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Бюджет 3 млрд теңге салықтан қағылды

Оның сөзінше, мемлекеттік бюджетке 5 трлн 832 млрд теңге кіріс кірді.  Жоспар 105,8% орындалды. Ал республикалық бюджетке 3,6 трлн теңге түсіп, жоспардың атқарылуы 100,1%-ды құрады.

"Жалпы, кіріс бойынша жоспар 4 млрд теңгеге асыра орындалды, оның ішінде салық бойынша атқарылмау 3 млрд теңге болды. Жоспардың жүзеге асырылмауы импортқа қосылған құн салығына, корпоративтік табыс салығына, мұнайға экспорттық кеден бажына және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салыққа тиесілі болды. Импортқа қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмауы Қазақстан Республикасының үшінші елдермен тауар айналымының 2020 жылдың 1-жартыжылдығымен салыстырғанда 1,7%-ке немесе 593 млн долларға төмендеуіне байланысты болып отыр. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 2021 жылғы қаңтар-шілдеде 744 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ке азаюына байланысты туындады. Шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың орындалмауының негізгі себебі – Теңіз кен орнында шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеп кетті. Ал пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық бойынша жоспардың орындалмауы жерасты суларына мөлшерлеменің төмендеуіне және пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің азаюына байланысты болды. Дегенмен өткізу бойынша айналымдардың 1,6 есе ұлғаюына байланысты ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспар асыра орындалды. Қайтару қаржысы 8,3%-ға өскеніне қарамастан, қосылған құн салығын қайтару бойынша бизнес алдындағы міндеттемелер дер кенінде орындалуда", – деді қаржы министрі.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу