Бюджет қаражаты ең көп игерілмеген өңірлер аталды

384

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттердің шығыстары 9 трлн теңгені құраған. 

Бюджет қаражаты ең көп игерілмеген өңірлер аталды Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Жергілікті бюджеттердің шығыстары 9 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 49 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қазанға 1 трлн 112 млрд теңге бөлінген. Оның 98,5%-ы игерілген. Атқарылмағаны – 17 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу, 16 млрд теңге игерілмеген", - деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, ең көп игерілмеу Астана қаласында, Маңғыстау, Атырау және Қарағанды облыстарында қалыптасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу