Астанада құрылыс компаниясының жетекшісіне қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тергеу барысында компанияның проблемалық тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға бөлінген 2,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Сот үкімімен айыпталушы аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ оған көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына байланысты коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға 10 жыл мерзімге тыйым салынды. Келтірілген материалдық залал өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу