Бюджет қаржысын игере алмаған өңірлер мен министрліктер аталды

550

Биылғы 4 айда мемлекеттік бюджет шығысы 98,6%-ға, республикалық бюджет шығысы – 99,0%, жергілікті бюджет шығысы 98,6%-ға атқарылды. 

Бюджет қаржысын игере алмаған өңірлер мен министрліктер аталды Фото: google.com

Республикалық бюджет бойынша 7 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмаған сома 72 млрд теңгені құрады, оның ішінде 16 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмеген сома – 55 млрд теңге.

Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

"Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Мәдениет және спорт, Ақпарат және қоғамдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептеріне шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізу, мемлекеттік сатып алу конкурстарының ұзақ өткізілуі, орындалған жұмыстардың актілері мен шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы және т.б. жатады", - деді ведомство басшысы.

Бұл ретте жергілікті бюджет шығыстары 3,3 трлн теңгені құраған. Оның ішінде атқарылмағаны – 47 млрд теңге. 

"Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 мамырға 473 млрд теңге бөлінген. Оның 97%-і игерілген. Игерілмеген сома – 14 млрд теңге", - деді министр. 

Ең көп игерілмеу Астана, Алматы қалалары мен Атырау, Түркістан облыстарында қалыптасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу