Бюджет қаржысын игермеген министрліктер белгілі болды

224

Жыл басынан бері министрліктер 91 млрд теңге игермеген.

Бюджет қаржысын игермеген министрліктер белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,2%-ға, республикалық бюджет шығыстары – 99,4%-ға, жергілікті бюджет шығыстары 97,2%-ға орындалды. Республикалық бюджет бойынша 18 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 107 млрд теңге болды, оның ішінде үнемдеу – 16 млрд теңге", - деді вице-министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 91 млрд теңге игерілмеді. 

"Игерілмеудің неғұрлым ірі сомасы Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Су ресурстары және ирригация, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты. Оның негізгі себептері конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; өнім берушілердің тауарларды жеткізбеуі; бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамауы; шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақтылы ұсынылмауы; төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген; министрліктердің қайта ұйымдастырылуына байланысты", - деп толықтырды ол.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстан экономикасы 4,9%-ға өскенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу