Бюджет тапшылығы 1 трлн 365 млрд теңгені құрайды

1586

Қазына қаржысының шығысы 12 триллионнан асады. 

Бюджет тапшылығы 1 трлн 365 млрд теңгені құрайды

Үкіметте ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов биылғы республикалық бюджетті нақтылау бойынша баяндама жасады.
Ол жалпы ішкі өнім 3,8%-ға ұлғаятынын, ал мұнайдың болжамды бағасы барреліне 55 доллар деңгейінен аспайтынын айтты. 
Министрдің мәлімдеуінше,  жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 4-6% шегінде сақталады. 

"Нақтыланған республикалық бюджет кірісін 95 млрд теңгеге арттыру ұсынылады. Салықтық түсімдер 12 млрд, салықтық емес түсімдер 83 млрд теңгеге өседі. Салықтық емес түсімдер дивидент есебінен 50 млрд теңгеге көбейіп, 66  млрд теңгеге жетеді. Трансферттерді есептемегенде республикалық бюджет кірісі 2019 жылы 7 трлн 81 млрд теңгені құрайды", – деді Руслан Дәленов. 

Белгілді болғандай, республикалық бюджет тапшылығы 1 трлн 365 млрд теңгені құрайды.

"Мұнай кірісін қоспағандағы тапшылық жалпы ішкі өнімге қатысты 8,5%-ды немесе 5,5 трлн теңге шамасында болады. Бұл тапшылық бекітілген фискалдық ережелерге сай. Болжам бойынша, түсімнің жалпы көлемі 95 млрд теңгеге артып, 
10,7 трлн теңгеге жетеді. Ұлттық қордың трансферті өспейді. Ал республикалық бюджет шығысы", – деді ұлттық экономика министрі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу