Бюджет жүздеген миллиард теңге кірістен қағылды

179

Негізгі себеп – мұнай бағасының арзандауы мен экспорт көлемінің қысқаруы.  

Бюджет жүздеген миллиард теңге кірістен қағылды Фото: gov.kz

Қаржы министрлігінің мәліметінше, республикалық бюджет жоспары толық орындалмай, қазынаға 336 миллиард теңге түспей қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты Tiek телеграм арнасына сілтеме жасап.

Вице-министр Дәурен Темірбековтің айтуынша, бюджетке түсетін салық көлемі 730 миллиард теңгеге кем орындалған. Әсіресе корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығынан түсетін кіріс азайған. Бұған мұнай бағасының жоспарланған деңгейден 6 долларға төмен болуы әсер еткен.

Сонымен қатар Қазақстанның үш елмен сауда көлемі азайып, экспорт 1,7 миллиард долларға қысқарған.

Қаржы министрлігі геосаяси жағдай мен металл бағасының төмендеуі де әсер етті дейді. Соның салдарынан елдегі 134 ірі кәсіпорыннан түсетін салық көлемі 36 пайызға азайған.

Ал Жоғары аудиторлық палатаның өкілдері мәселе тек сыртқы факторда емес деп отыр. Олардың айтуынша, үкімет бюджет кірісін жоспарлау кезінде тым оптимистік болжам жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу