"Бюджетке қатысу" жобасына өтінімдер 5 қазанға дейін қабылданады

628

Алматылықтар өз қаласын  жақсарту бойынша ұсыныстар жолдай алады.  

"Бюджетке қатысу" жобасына өтінімдер  5 қазанға дейін қабылданады

Алматыда "Бюджетке қатысу" жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау жалғасуда. 2020 жылдың 5 қазанына дейін  budget.open-almaty.kz сайтында кез келген алматылық ұсынысын қалдыра алады.

Жоба аясында әрбір адам қалалық ортаны дамыту бойынша өз идеясын ұсына алады. Егер бастаманы басқа тұрғындар дауыс беру барысында қолдаса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бір өтінім 55,5 млн теңгеден аспауы тиіс. 

Қаржыландырудың жалпы көлемі 6,4 млрд теңгені құрайды.  Қаланың әрбір ауданына 800 млн теңгеден қарастырылған.

"Біздің қаламыздың кез келген тұрғыны өз ауласын, көшесін немесе гүлзарын абаттандыру бойынша өтінім бере алады және  басты шарт жоба 55,5 млн теңгеден аспауы тиіс. Сондай-ақ нысан індетті түрде қала аумағында бой көтеруі тиіс. Кез келген фото немесе суретті қоса беру керек. Осы  абаттандыруды көріп отырсыздар, егер сіздің жобаңызға барынша көп дауыс берілсе, жоба қала бюджеті есебінен іске асыруға жіберіледі", — деді  Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Алмас Батанов. 

Порталда өтінімдерді қабылдау, дауыс беру және бастамаларды іріктеу онлайн режимінде budget.open-almaty.kz сайтында өтеді. 

Жобаларды іріктеу талаптары төмендегідей:
- аумақты көгалдандыру;
- тротуарларды ретке келтіру;
- тротуарлар, пандустар, арықтар салу және жөндеу;
- жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру);
- тіреуіштерді, қабырғаларды жөндеу;
- полигондарды жою;
- аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.

Естеріңізге сала кетейік, "Бюджетке қатысу" жобасы Алматыда 2019 жылдың тамыз айында іске қосылды

Пилоттық жылдың қорытындысы бойынша 1,4 млрд теңгеге 55 жоба іске асырылуда. Бірқатар жобалар аяқталып, пайдалануға берілді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу