Бюджеттен 11,4 млн теңге жымқырған әкімдік қызметкері сотталды

745

Оралда бюджет қаржысын жымқырған қалаға қарасты Желаев ауылдық округі әкімі аппараты қаржы-экономика бөлімінің басшысы Г.Хабулова сотталды.

Бюджеттен 11,4 млн теңге жымқырған әкімдік қызметкері сотталды

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Г.Хабулова 2013-2019 жылдары бухгалтерлік құжатқа аталған мемлекеттік мекеменің шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Атап айтқанда, "Казначейство клиент" ақпараттық жүйесінде өзінің электронды қолтаңбасын пайдалана отырып, карточкалық шотына еңбек демалысы және емдік жәрдемақы түріндегі қаражатты негізсіз аударған. Сөйтіп ол мемлекетке 11 млн 473,149 мың теңге залал келтірген.

Залал толықтай өндірілді.

Г.Хабулова Орал қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену немесе талан-таражға салу) сәйкес айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеусіз екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу