Бюджеттік жоспарлаудың жаңа моделі қолға алынады

441

Әлеуметтік маңызы бар объектілер бюджеттік жоспарлаудың осы жаңа моделі бойынша салынатын болады. 

Бюджеттік жоспарлаудың жаңа моделі қолға алынады Фото: gov.kz

Жаңа тетік сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ баламалы жобалық шешімдер енгізуге мүмкіндік береді. Астана қаласының, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдіктері пилоттық жобаларды іске асыруды бастады, деп жазады inbusiness.kz ИИДМ Құрылыс істері және ТКШ комитетіне сілтеме жасап.

"Ашық сағат алаңы" жобасы аясында ҚР ИИДМ Құрылыс істері және ТКШ комитетінде бизнес қауымдастық, қоғамдастық, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушылар Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында әлеуметтік нысандар құрылысының пилоттық жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады. Аталған өңірлерде конкурстық рәсімдер аяқталды, мердігерлер анықталып, жобалау басталды.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас сарапшысы Серік Нәбиевтің дерегінше, бюджеттік жоспарлаудың жаңа оңайлатылған моделі бойынша 3 өңірде 7 әлеуметтік маңызы бар нысан салу міндеті тұр.

Атап айтқанда, объектілерді қаржыландыру мен жобалауға байланысты көрсеткіштер қысқарады.

Сарапшының айтуынша, құрылыстың пилоттық жобаларын іске асыру мақсатында жаңа нормативтік құқықтық акті қабылданып, бірқатарына өзгерістер енгізілді.

"Қабылданған инновациялар рәсімдердің мерзімі мен санын 60%-ға дейін, ал құрылыс құнын 10%-ға дейін қысқартуға (авторлық қадағалауға жұмсалатын шығындар алынып тасталды) әрі мердігерлік жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік берді", – дейді С.Нәбиев.

Бұдан басқа, жаңа тетік сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ баламалы жобалық шешімдер енгізуге мүмкіндік береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу