Бюджеттің 6,5 миллиард теңге жоғалтуына кінәлілер табылды

706

Бюджеттің 6,5 миллиард теңге жоғалтуына кінәлілер табылды

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті cапасыз салықтық әрі кедендік әкімшілеуден бюджетке келтірілген шығынды жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова салықтық әкімшілеуге қатысты мәселені көтерді.

"Біз салықтық және кедендік әкімшілеу сапасының жоғарылуында резервтер бар екенін айтқан едік. Жалпы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша есеп комитетінің бағалауына сүйенсек, сапасыз салықтық әрі кедендік әкімшілеудің салдарынан республикалық бюджет 6,5 млрд теңге жоғалтты", - деді Наталья Годунова.

Сонымен қатар ол бюджетке берешек, ҚҚС-ты қайтару және сапалы болжау бойынша мәселені шешуде тиімділікті қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, сенат комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов Қазақстанның мемлекеттік қарызы не себепті өсіп жатқанын түсіндірген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу