БжҒМ ауыл мен қаланы теңестіру үшін Дүниежүзілік банктен кредит алды

1049

Қалалық және ауылдық мектептердің білім сапасында айырмашылық бар.

БжҒМ ауыл мен қаланы теңестіру үшін Дүниежүзілік банктен кредит алды

Осы айырмашылықты жою үшін білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банктен алынған кредитті жұмсамақ, деп хабарлайды abctv.kz.

Министр Ерлан Сағадиевтің айтуынша, бұл қаржы ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын күшейтуге, ауыл мұғалімдерінің сапасын жақсартуға жұмсалады. Бүгінде тиісті жұмыстар басталып та кеткен.

"Қалалық және ауылдық мектептердің білім сапасында айырмашылық бар. Тоғызыншы және төртінші сынып оқушыларының арасындағы сырттай бағалау (ВОУД) нәтижесі мемлекеттік бағдарламаның жоспарланған көрсеткіштерімен сәйкес келмеді. Сондықтан осы айырмашылықты жою үшін Дүниежүзілік банктен алынған кредитті жұмсаймыз", – деді Ерлан Сағадиев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу