БЖЗҚ 15 компаниямен соттасып жатыр

1020

Зейнетақы қорына жеке компаниялар 40 млрд теңге қарыз.

БЖЗҚ 15 компаниямен соттасып жатыр

Елімізде 20-ға жуық жеке компания Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алдындағы берешегін өтемей жүр, деп хабарлайды astanatv.kz.

Серіктестестіктер қорға 40 млрд теңгеге жуық қарыз. Бұл туралы БЖЗҚ-ның заңгерлері айтты. Қазір олар 15 компаниямен соттасып жатқандарын жеткізді. Соның ішінде әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен "Астана жылжымайтын мүлік" АҚ да бар. Құрылыс компаниясы зейнеткерлердің ортақ қорына 1 млрд 700 млн теңгені бермей келеді. Компания бұл қаражатты "Астана" және "Ұлар-Үміт" зейнетақы қорларынан алып, 2011 жылдан бері төлеуді доғарған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мұраға қалған қомақты соманы сот арқылы жеңіп алған. Енді онымен сот орындаушылары айналысуда деді.

"Бұл компанияның қарызды өтеп тасауға жетерлік дүние-мүлкі бар. Олар қазір саудаға шығарылған. Бірақ сатып алушылар тарапынан қызығушылық жоқ. Сонымен тоқтап тұр. Қосшы елдімекені мен Бурабайда, сондай-ақ Алматыда жер учаскелері, пәтерлері, коттедж қалашықтарында зәулім үйлері бар. Осыларды сатып, қаржыны қайтаруға талпынып жатырмыз", - дейді "БЖЗҚ" АҚ Заң департаментінің директоры Назым Бақтыбаев.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2014 жылдан бері осындай әдіспен 17 млрд теңгені өндіріп алыпты. Енді барлығы 20 кәсіпорыннан 37,5 млрд теңге қайтатырлуға тиіс. Бұл шамамен БЗЖҚ портфеліндегі барлық қаражаттың 0.5 пайызына тең. Қазір қорда 8,9 трлн теңге бар. Салымшылар үшін қандайда бір қауіп төніп тұрған жоқ,- дейді қор мамандары

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу