БЖЗҚ 167 423 азаматқа төлем жасады

732

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) мәліметінше, еліміздегі  ең жоғары зейнетақы көлемі – 522 610 теңге. 

БЖЗҚ 167 423 азаматқа төлем жасады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы қор таратқан хабарламада жазылды деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, ақпан айының басында БЖЗҚ 167 423 азаматқа төлем жасады. Біржолғы зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударылған аударымдар және зейнетақы төлемінің жалпы құны 73,8 млр теңгені құрады. Оның ішінде: біржолғы зейнетақы төле – 49,6 млрд, сақтандыру ұйымдарына аударылған аударым – 9,1 млрд, зейнет жасына толу бойынша төлемдер – 6,5 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 5,9 млрд теңге, басқа елге қоныс аударуға байланысты төлемдер – 2,1 млрд,  жерлеуге берілетін төлемдер – 0,4 млрд, мүгедектік бойынша төлемдер – 0,2 млрд теңгені құрады. 

"Зейнет жасына толуға байланысты ай сайынғы орташа төлем 25 886, ал ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңге болды", – деп нақтыланды баспасөз хабарламасында. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу