БЖЗҚ активтерін басқару шетелдік компанияларға өтуі мүмкін

779

БЖЗҚ активтерін басқару шетелдік компанияларға өтуі мүмкін

Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы активтерін басқаруды жеке немесе шетелдік компанияларға өткізуді ұсынады. Тиісті ұсыныс Үкіметтің қарауына берілді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп хабарлайды 24Хабар.

Оның сөзінше, бұл нарықта бәсекелестік ортаны қалыптастыру үшін аса маңызды.

"Біріншіден халыққа таңдау еркі берілу керек деп ойлаймын. Жиған-тергенін кімге сеніп тапсырады,  кімнің басқарғанын қалайды? Олар өздері шешуге тиіс", – деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу