БЖЗҚ-ның 173 миллиард теңгесіне жаңа вагондар алынбақ

405

Бұл инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

БЖЗҚ-ның 173 миллиард теңгесіне жаңа вагондар алынбақ Фото: ҚТЖ

"Бәйтерек" холдингінің облигациялары сатып алынған біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 173 млрд теңгесіне вагондар алынбақ. Бұлу туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Оның пікірінше, зейнетақы қорындағы қаражат сенімді қаржылық құралдарға инвестициялануы керек. Бұған мемлекеттік немесе 100% үкімет пен мемлекетке тиесілі бағалы қағаздар жатады. Сол қатарда Бәйтерек холдингі де бар.

"Бұл инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қаражат аса қажетті жолаушылар және жүк вагондарын сатып алуға жұмсалады. Олардың тозу деңгейі 50-70 пайызға жеткен. Ал бұл вагондарды отандық өнім берушілер жеткізеді. Яғни қаражат ел экономикасында қалады. Оның бірнеше жағымды әсері бар",- дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Сонымен қатар, министрге кәсіпкерлердің мобильді аударымдардан жаппай бас тартуы мен қолма-қол ақшаға көшу үрдісінің экономикаға әсері туралы сұрақ қойылды. Спикер бұл уақытша құбылыс деп санайды. Оның айтуынша, қазіргі жағдай бизнес иелері жағдайды толық түсінбегеннен туындаған қысқа мерзімді дүрбелең. Ел бой үйреткен соң, бәрі орына келеді. Тек банктер банкоматтарына көбірек қаржы салып қоюы керек деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу