БЖЗҚ-ның басқарма төрағасы ауысты

513

Жанат Құрманов бұл қызметке дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

БЖЗҚ-ның басқарма төрағасы ауысты

Жанат Құрманов "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ға басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

"БЖЗҚ директорлар кеңесінің шешімімен 2019 жылдың 1 сәуірінен Құрманов Жанат Бостанұлы "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Бұл қызметте Жанат Бостанұлы Нұрбүбі Наурызбаеваны ауыстырды. Ол бұған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу