БЖЗҚ-ның бұрынғы басшыларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

737

БЖЗҚ-ның бұрынғы басшыларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

БЖЗҚ-ның бұрынғы басшыларын қамауда ұстау мерзімі 6 айға ұзартылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеп, 7kun.kz хабарлайды.

"Алмалы аудандық соты 2017 жылдың 28 маусымына дейін "БЖЗҚ" АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Руслан Ерденаевты, "БЖЗҚ" АҚ департамент басшысы Мұса Бахтовты, "Алатау Мұнай Алтын" АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Б.Кенжебаевты, "БузгулАурум" ЖШС басшысы А. Найзағаринді бұлтартпау шарасын 6 айға ұзарту (қамауға алынған мерзімнен бастап) туралы шешім шығарды. Яғни, олар уақытша оқшаулау орталығында 28 маусымға дейін отырады", — деді Диас Махамбетов.

Сонымен қатар, "Мегатрансазия" ЖШС басшысы Талғас Тұртаевты қамауда ұстау мерзімі де 4 айға, яғни 23 маусымға дейін ұзартылды.

Бұған дейін "БЖЗҚ" АҚ басшысының бұрынғы орныбасары Дабыр Медетбековтың қамауда 8 маусымға дейін отыратынын жазған болатынбыз.

Айта кету керек, БЖЗҚ-ның бұрынғы басшыларына ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімінде көзделген қылмыс жасады деп айып тағылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу