БЖЗҚ салымшыларына 2,7% мөлшерінде нақты кірістілік қамтамасыз етілді

556

Қыркүйектің басынан бері алтын валюта резерві 1,2 млрд долларға азайды. Бұған алтынға деген сұраныстың артуы себеп болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа сілтеме жасап.

БЖЗҚ салымшыларына 2,7% мөлшерінде нақты кірістілік қамтамасыз етілді

"Алтын валюта резерві қыркүйектің соңында 35,6 млрд долларды құрады. Көрсеткіш қыркүйектің басынан бері 1,2 млрд долларға төмендеді. Алтын портфелі АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсуі нәтижесінде алтын бағасының бір унция үшін 1 731 долларға немесе 4,6%-ға төмендеуі салдарынан 0,8 млрд долларға азайды", – деді Ерболат Досаев.

Бұдан кейін Ұлттық банк төрағасы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы активтер жыл басынан бері 194,3 млрд теңгеге немесе 1,5%-ға ұлғайып, 13,1 трлн теңгеге жеткенін жариялады. 

"Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға арналған 491,7 мың өтініші орындалып, 1,9 трлн теңге аударылды. Оның 97,5%-ы тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты болды. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша инфляция 6,2% болған кезде 8,9% мөлшерінде кірістілік алынды. Осылайша биылғы жылдың басынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына 2,7% мөлшерінде нақты кірістілік қамтамасыз етілді", – деді Ерболат Досаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу