БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы артқан

817

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы (БЖЗҚ) салымшыларының инвестициялық табысы артты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы артқан

"Салымшылардың шоттарындағы таза инвестициялық табысы жыл басынан бері – 798,3 млрд теңге. Осылайша, шарттардың барлық түрі бойынша түсетін жарналардың көлемінен асып түскен. Өткен жылдың осы кезеңінде ол – 752,9 млрд теңге болған", - деп жазылған хабарламада.

Жыл басынан бері Ұлттық банктің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,48% көрсетті, сол кезеңдегі инфляция – 5,3%.

Ұлттық банктің басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігін жылдық мәнде қарастыратын болсақ, онда инфляция 8,4% кезінде 10,56% болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу