БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинағы 13,2 трлн теңгеге жетті

724

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) зейнетақы активі 2,6%-ға немесе 337,3 млрд теңгеге өскенін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинағы 13,2 трлн теңгеге жетті

"Қазан айының соңында Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активі жыл басынан бастап 337,3 млрд теңгеге немесе 2,6%-ға артып, 13,2 трлн теңгеге жетті. Ал 31 қазанда салымшылардың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуы үшін 2 трлн теңгенің 545,5 мың өтініші орындалды. Оның ішінде 1,950 млрд теңге немесе 97,1% тұрғын үй мәселесін шешуге тиесілі болды", – деді еліміздің бас банкирі. 

Ерболат Досаевтың сөзінше, жыл басынан бері есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 1,2 трлн теңге болды. Оның 14%-ы валюталық портфель активтеріне тиесілі. 

"10 айдың қорытындысы бойынша 7% инфляция кезінде 9,9% мөлшерінде кіріс алынды. Сәйкесінше салымшылар үшін 2,9% мөлшерінде нақты кіріс қамтамасыз етілді", – деді Ұлттық банк төрағасы. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу