Биыл БЖЗҚ-ға 478,83 миллиард теңге салым түскен

779

Табыстылық 2018 жылдың басынан бері 5,3%-ды құрады, ал инфляция  2,7% болды. Инфляция 5,9% болғанда, зейнетақы активтерінің жылдық көрсеткіштегі табыстылығы 8,9%-ды көрсетті.

Биыл БЖЗҚ-ға 478,83 миллиард теңге салым түскен

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшыларының зейнетақы жинақтары 1 тамызда 8,57 трлн теңге (қазір 1 доллар-360,71 теңге)  болды, деп хабарлайды БЖЗҚ.

Салымшылардың зейнетақы жинақтары 1 шілдеде 8,444 трлн теңге болған. Осылайша, шілде айында олар 1,5%-ға өскен.
"Табыстылық 2018 жылдың басынан бері 5,3%-ды құрады, ал инфляция  2,7% болды. Инфляция 5,9% болғанда, зейнетақы активтерінің жылдық көрсеткіштегі табыстылығы 8,9%-ды көрсетті", - деп жазылған БЖЗҚ-ның таратқан баспасөз-баянында.
Ақпаратқа сәйкес, түскен түсімдердің жалпы сомасы 2018 жылдың жеті айында 478,83 млрд теңге болған. БЖЗҚ мәліметі  салымшылардың келісімшарттың барлық түрі бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 2018 жылдың 1 тамызында 10,22 млн шот болғанын көрсетіп отыр.
2018 жылдың 1 тамызында БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін бұрынғыша мемлекеттік құнды қағаздар құрап отыр,ол - 47,48%. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық құралдарына ( облигациялар, акциялар мен эмитенттердің депозитарлық қолхаттары, депозиттер) зейнетақы активтерінің 18,49%-ы, ал шетелдің мемлекеттік құнды қағаздарына 11,25%-ы,квазимемлекеттік сектордың облигацияларына  8,15 %-ы салынған деп көрсетілген ақпаратта.
"БЖЗҚ" АҚ 2013 жылы құрылған. "БЖЗҚ" АҚ-тың құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасының үкіметі.
"БЖЗҚ" АҚ-тың мемлекеттік акциялар пакеті Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруында. "БЖЗҚ" АҚ-тың зейнетақы активтерін Ұлттық банк Қазақстан президенті жанындағы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңеспен бірлесіп басқарады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін  басқарудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды жасауға қатысты міндеттер Қазақстан президенті басқаратын Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңеске берілген.

Қазақстан халқының саны 18,5 млн адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу