БЖЗҚ зейнетақысын Қазком арқылы алатындар үшін мәлімдеме жасады

642

28 шілде күні "Қазкоммерцбанк" АҚ мен  "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ның бірігу процесі аяқталды.

БЖЗҚ зейнетақысын Қазком арқылы алатындар үшін мәлімдеме жасады

Зейнатақысын "Қазкоммерцбанк" АҚ арқылы алатындарға Халық банктен жаңа банк шотын ашудың керегі жоқ. Бұл туралы "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтемемен abctv.kz хабарлайды.

Айта кетсек, 28 шілде күні еліміздегі екі ірі банк - "Қазкоммерцбанк" АҚ мен "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ның 1,5 жылға созылған бірігу процесі аяқталды. 2017 жылдың шілде айында қаржы институты келісімге сәйкес Қазкомның 96,81 пайыз акциясын алған болатын.

Осыған байланысты БЖЗҚ өкілдері зейнетақысын Қазкоммерцбанк арқылы алып келген клиенттердің карталық шоттары қолдану мерзімдері аяқталғанға дейін жарамды екендігін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу