Career Day конференциясында жасанды интеллект дәуіріндегі еңбек нарығы талқыланды

235

Қатысушылар цифрлық мамандықтар, IT саласындағы мүмкіндіктер және жаңа дағдылар туралы ақпарат алды.

Career Day конференциясында жасанды интеллект дәуіріндегі еңбек нарығы талқыланды Фото: ЖИ

Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен "Кәсіптердің трансформациясы және болашақ дағдылары" тақырыбында Career Day офлайн-конференциясы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шарада еңбек нарығындағы өзгерістер, цифрлық технологиялардың дамуы, жасанды интеллект мүмкіндіктері және болашаққа қажетті дағдыларды қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, TechnoWomen қоғамдық бірлестігі және Astana Hub халықаралық технопаркі ұйымдастырды.

Жиынның мақсаты – еңбек нарығындағы жаһандық өзгерістер жағдайында жаңа мүмкіндіктерді айқындау, цифрлық құзыреттерді дамыту және азаматтардың, оның ішінде әйелдердің, жаңа кәсіптерді игеруіне қолдау көрсету.

Бағдарлама аясында қатысушылар цифрлық мамандықтар, жасанды интеллект құралдарын пайдалану, IT саласында білім алу, жұмысқа орналасудың заманауи тәсілдері мен кәсіби қайта даярлау бағыттары бойынша ақпарат алды. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттық қаржыландыру тетіктері таныстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу